Ақтөбе облысында "Аграрлық несие корпорациясы" директорының бұрынғы орынбасары сотталды

Qaz365.kz редакциясы

Алаяқтық әрекеті үшін

Фото: kapital.kz

"Аграрлық несие корпорациясы" АҚ Ақтөбе филиалы директорының бұрынғы орынбасары алаяқтық әрекеті үшін сотталды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі ҚМА мәліметіне сілтеме жасап.

Соталды тергеп-тексеру барысында шаруа қожалығының басшысы шетелден әкелінген 277 бас асылтұқымды малды сатып алу үшін "Сыбаға" бағдарламасы бойынша несие желісін ашу туралы өтінішпен корпорация филиалына жүгінгені анықталды.

"Оған 90 миллион теңге көлемінде несие қаражаты бөлінді. Осыдан кейін сотталған азамат шаруа қожалығының басшысын алдау арқылы Ресейден мал сатып алу-жеткізу туралы ЖШС-мен шарт жасатқан.

Шаруа қожалығының басшысы есеп айырысу шотына 90 миллион теңге аударған, бірақ бұл қаражатты корпорацияның Ақтөбе филиалы директорының орынбасары жеке қажеттіліктеріне жұмсаған", – делінген хабарламада.

Ол бес жылға бас бостандығынан айырылды.