Досаевты сынағандарды анықтауға неге қаржы бөлінді – әкім өзі жауап берді

Qaz365.kz редакциясы

Әкім Орталық коммуникациялар алаңында тілшілердің сұрақтарына жауап берді

Фото: online.fingramota.kz

19 желтоқсанда Ras aitamyn Telegram-арнасында Алматы әкімі мен әкімдігі туралы негатив жазатындардың тізімі жасалғаны туралы ақпарат шықты. Осыған қатысты қала әкімі Ерболат Досаев пікір білдірді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Алматы қаласы қоғамдық даму басқармасының «Мониторинг және талдау орталығының»  5 миллион 152 мың теңгеге «БАҚ-ты талдау және мониторингілеу жөніндегі қызметтерге» тапсырыс бергені анықталған еді. Онда әкімнің басты хейтерлері сары жолақпен белгіленген. Тізімнің басында журналист Асхат Ниязовтың «Обажаю» Youtube-арнасы тұр.

«Егер қандай БАҚ бізге қарсы немесе қолдайды дегенге жауап табу үшін ақша бөлген күннің өзінде мемлекеттік сатып алу сайтында есепті жарияламас еді. Шын мәнінде, мұндай жұмысты қоғамдық даму басқармасы арқылы әкімдіктердің бәрі өткізеді. Бізге азаматтардың көңіл күйін, оларды қандай мәселелер алаңдататынын білген маңызды. Сол себепті бұл әкім үшін емес, Алматы әкімінің жұмысы үшін атқарылған іс. Бөлінген ақша белгілі, жұмыс жүзеге асты», – дейді Ерболат Досаев.