Балам Салтанатты өлтірем деп ойламағанына сенімдімін. Қуандық Бишімбаевтың әкесі пікір білдірді

Qaz365.kz редакциясы

"Екеуі толыққанды отбасы болып, дүниеге бала әкелуді ойлады"

Өз әйелі Салтанат Нүкенованы өлтірді деген айып тағылған бұрынғы министр Қуандық Бишімбаевтың әкесі, Мәжілістің экс-депутаты Уәлихан Бишімбаев баласының әрекетіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Біз ата-анасы ретінде ұлымның Салтанатты өлтірем деп ойламағанына сенімдіміз. Бір отбасы болуды қалады. Әрі қарай бірге тұруды көздеді. Пәтерлеріне жөндеу жұмысын жүргізді. Екеуі толыққанды отбасы болып, дүниеге бала әкелуді ойлады. Ал 9 қарашадағы сұмдық жағдай орын алған күні не болғанын өзіміз де білмейміз. Тағы да қайталап айтамын, біздің ұлымыздың Салтанатты өлтіремін деген ниеті болмағанына сенімдімін», – дейді Уәлихан Бишімбаев  «Ертысбаев Live» youtube-арнасына берген сұхбатында.

Еске салайық, бұрынғы экономика министрі Қуандық Бишімбаев Астанадағы мейрамханалардың бірінде әйелін ұрып өлтірді деген күдікпен қамауға алынды

Қылмыстық іске Президент Қасым-Жомарт Тоқаев та назар аударып, істі ІІМ басшылығына ерекше бақылауға алуды тапсырды.