Жаңа қызметке тағайындалған Мәди Ахметов желіге жазба жариялады

Qaz365.kz редакциясы

Кеше экс-депутаттың жаңа қызметке тағайындалғаны белгілі болды

Фото: Facebook / Мади Ахметов

Жаңа қызметке тағайындалған экс-депутат Мәди Ахметов әлеуметтік желіде жазба жариялады, деп хабарлайды Qaz365.kz.  

«Қадірлі достар! Бүгіннен бастап Алматы облысы Жастар саясаты басқарма басшысы қызметіне кірістім. Бұл мен үшін үлкен жауапкершілік. Өз жұмысымда өңір жастарының әлеуметтенуіне, жан-жақты дамуына қолайлы жағдай жасауға бар күшімді салатын боламын. Алда атқарар ортақ ісіміз баянды болсын», – деп жазды ол.

Еске салайық, бұрынғы Мәжіліс депутаты Мәди Ахметов Алматы облысының Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы болып тағайындалғаны туралы хабарланған еді.