Енді Қазақстанда әскерге бармаған жастарға «ақ билет» берілмейді

Qaz365.kz редакциясы

Елде әскери билетті бермеу шешімі қабылданбақ

Фото: ашық дереккөзден

Еліміздің әр азаматы өзінің әскери есеп жүйесі жайлы ақпаратты электрондық үкіметтен ала алады. Бұл туралы Қазақстан Қарулы күштерінің бас штабы бастығының ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаментінің цифрландыру жөніндегі орынбасары Руслан Омаров айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Мемлекетіміздің қарулы күштерінде жүргізіліп жатқан цифрлық трансформация іс-шараларының нәтижесінде біз бұрын да болған әскери есеп жүйесінен бас тартып, жаңа цифрлық әскери жүйеге жол беріп отырмыз. 27 жасқа толған азаматтар әскери қызметін өткермеген кезде де әскери билетке ие болушы еді. Қазіргі таңда цифрлық трансформация нәтижесінде бүкіл әскери қызметке байланысты мәліметтер еговтағы азаматтарымыздың жеке кабинетінің әскери қызметке байланысты бөлімінде көрсетіледі. Сондықтан, біз әскери билетті бермеу шешіміне келдік», – деді Руслан Омаров.

Айта кетейік, бұған дейін әскерге барғандардың несиесі кейінге шегерілетіні туралы хабарланды.