Қостанай облысында боранда жоғалып кеткен әжесі мен немересіне қатысты жаңа дерек шықты

Qaz365.kz редакциясы

Оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр

Фото: pixabay.com

Қостанай облысында қарлы боранда 26 желтоқсанда таңертең жоғалып кеткен әжесі мен немересінің денесі табылды. Ақпаратты облыстық Төтенше жағдайлар департаменті растады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Қостанай облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 27 желтоқсанда сағат 08.10-дан бастап Қостанай облысының Степное ауылында 1965 жылы туған әйел мен оның 2012 жылы туған немересін іздеу жұмыстары қайта жанданды.

Құтқарушылар, полицейлер, еріктілер, жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері із-түзсіз жоғалғандарды іздеуге атсалысты. Өкінішке қарай, әжесі мен немересінің денесі табылды. Ақпаратты Қостанай облыстық ДП өкілдері растады.

«Жоғалған адамдардың денесі Степное ауылының шетінен табылды. Оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр. Қажетті тергеу амалдары жүргізілуде», – делінген хабарламада.

Айта кетейік, Қостанай облыстық ТЖД 26 желтоқсанда сағат шамамен 07:00-де 1965 жылы туған әйел мен оның 2012 жылы туған немересі Степной ауылындағы үйінен шығып кеткенін мәлімдеген болатын. Олар жолай кетіп бара жатқан көлікке мініп, Тобыл қаласына бару үшін тасжолға шыққан. Алайда діттеген жеріне жетпеген.