"Анашымды тауып, құшағыма аламын деген үміттемін": Бельгиялық қазақ бала қуанышты жаңалығын бөлісті

Qaz365.kz редакциясы

Мұрат Савельев Instagram парақшасында жазба жариялады

Фото: Видеодан кадр

Бельгиялық отбасы асырап алып, Еуропада өскен қазақ баласы Мұрат Савельев Instagram парақшасында жазба жариялады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

“Құрметті қазақ елі, қуанышты жаңалық бар! Бүгін болжамды екі ананың ДНК сараптамасының нәтижесі белгілі болмақ!
Аз уақыт қалды, мен де дәл қазір толқып отырмын. Анашымды тауып, құшағыма аламын деген үміттемін!” – деп жазды ол.

Еске сала кетейік, ол анасын іздеп Астанаға келген болатын. Журналист Қымбат Досжанның айтуынша,  үш апталық зерттеу жұмыстарынан кейін Жәнібектің ата-анасы болуы мүмкін деген үш келіншек табылды.

Ол анасы жайлы еш хабар болмаса, іздеуін тоқтатпайтынын айтқан болатын