Олар уақытша ұстау изоляторына қамалды
Полицейлер Талдықорғандағы дәмханалардың бірінде Жаңа жыл түні төбелескен тағы бес қатысушыны ұстады, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Бұл туралы Жетісу облыстық полиция департаменті мәлімдеді.
Күдіктілер 2 қаңтарда ұсталды.
«Жалпы 8 адам ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оқиғаға қатысушылардың барлығының әрекеті мұқият зерттеліп жатыр. Тергеу барысында олардың әрқайсысының әрекетіне құқықтық баға беріледі», – деді Жетісу облыстық полициясының бастығы Арман Саданов.
Айта кетейік, 30 желтоқсанға қараған түні Талдықорғандағы ойын-сауық орындарының бірінде Жаңа жыл мерекесінің құрметіне арналған жиын төбелеске ұласқан болатын. Оқиға орнынан түсірілген видео әлеуметтік желіде тараған еді.