Талдықорғандағы дәмханадағы жаппай төбелес: тағы 5 адам ұсталды

Qaz365.kz редакциясы

Олар уақытша ұстау изоляторына қамалды

Видеодан скриншот

Полицейлер Талдықорғандағы дәмханалардың бірінде Жаңа жыл түні төбелескен тағы бес қатысушыны ұстады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы Жетісу облыстық полиция департаменті мәлімдеді.

Күдіктілер 2 қаңтарда ұсталды.

«Жалпы 8 адам ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оқиғаға қатысушылардың барлығының әрекеті мұқият зерттеліп жатыр. Тергеу барысында олардың әрқайсысының әрекетіне құқықтық баға беріледі», – деді Жетісу облыстық полициясының бастығы Арман Саданов.

Айта кетейік, 30 желтоқсанға қараған түні Талдықорғандағы ойын-сауық орындарының бірінде Жаңа жыл мерекесінің құрметіне арналған жиын төбелеске ұласқан болатын. Оқиға орнынан түсірілген видео әлеуметтік желіде тараған еді.