Ақмола облысында бір сәтте 15 көлік соқтығысты

Qaz365.kz редакциясы

Оқиға орнына құтқарушылар жіберілді

Кадр: instagram.com/qutqarushy_burabai

Ақмола облысында қатты боран мен көктайғақтың кесірінен бір мезетте он бес көлік соқтығысты. Оқиға 2 қаңтарда Астана-Щучинск тасжолында түскі уақытта болған, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Көлік апатынан бір адам зардап шекті. Ол бас-ми жарақатымен Макинск қаласындағы ауруханаға жатқызылған.

Полицейлердің хабарлауынша, оқиға кеше түстен кейін болған. Көктайғақ пен қатты боранның кесірінен жүргізушілер дер кезінде тоқтай алмай қалған. Оған қоса, жол нашар көрініп, қар да жауған. Оқиға орнына құтқарушылар жіберіліп, жолда қалғандарға көмек көрсетілді. Жалпы, соңғы бірнеше тәулікте өңірде ауа райы құбылып тұр. Қар аралас жаңбыр жауып, жолды көк мұз басқан. Желдің екпіні де күшейген. Сондықтан полицейлер алыс жолға шыққанда сақ болу қажеттігін ескертеді.

Қазір Ақмола облысына қарасты барлық жол ашық.