Биыл мамандарға ауылдан үй алуға 30 млрд теңге бөлінеді

Qaz365.kz редакциясы

Жас мамандарды баспанамен қамтуға да қаражат бөлінді 

Фото: ашық дереккөзден

2024 жылы «Дипломмен – ауылға» бағдарламасы бойынша мамандарға ауылдан үй алып беруге 30 млрд теңге қарастырылды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Ұлттық экономика министрлігінің мәліметінше, Биыл «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша 500 ауылда 178,9 млрд теңгеге 1400 жобаны іске асыру жоспарлануда. Сонымен қатар, «Дипломмен – ауылға» жобасы бойынша 2024 жылы 3,7 мың маманға тұрғын үй сатып алу үшін бюджеттік кредиттер беруге 30 млрд теңге қарастырылған.

Сонымен қатар биыл моно және шағын қалаларды дамыту үшін 8 моно және 9 шағын қалада 29 жобаны іске асыруға 21,2 млрд теңге қарастырылды.

Ведомство осы жылы Астана мен республикалық маңызы бар қалаларды дамыту, сондай-ақ Түркістан қаласына ерекше мәртебе беру жөніндегі заң жобалары әзірленетінін хабарлады.