Биыл әскери дайындыққа екі есе көп қазақстандық шақырылады

Qaz365.kz редакциясы

Бұйрық жобасы қоғамдық талқылау үшін «Ашық НҚА» сайтында орналастырылды

Фото: egemen.kz

Қорғаныс министрлігі «Әскери қызметке міндеттілерді 2024 жылға әскери дайындыққа шақыру туралы» бұйрық дайындады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«2024 жылы әскери дайындықтан өтуі тиіс 3000 адамды әскери дайындыққа шақыру», – делінген құжатта.

Бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығына жүктелсін.

Бұйрық жобасы 23 қаңтарға дейін қоғамдық талқылау үшін «Ашық НҚА» сайтында орналастырылған.

2023 жылы Қорғаныс министрлігі 1500 қазақстандықты әскери дайындыққа шақырды.