Қайрат Сатыбалдыға қатысты тағы бір іс сотқа жолданды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі экс-президенттің немере інісі Қайрат Сатыбалдыға қатысты тағы бір мәліметті жария етті, деп хабарлайды Qaz365.kz.
«Қайрат Сатыбалдыға байланысты агенттік қылмыстық жолмен алынған активтерді жылыстату фактісі бойынша қылмыстық кодекстің 218-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеуді аяқтап, сотқа жіберді. Сатыбалдыұлының қылмыстық жолмен алынған қаражатқа және заңсыз ақшадан түскен пайдаға түрлі мүлікті (оның ішінде шетелде сатып алған), оның ішінде шетелден алып, ақшасын Қазақстан және шетелдегі банк шоттарына салған. Сондай-ақ екінші фактіге байланысты салық төлеуден жалтару бойынша сотқа дейінгі тергеу жалғасуда», – деді баспасөз мәжілісінде агенттіктің ресми өкілі Арман Тілеукенов.
Бұған дейін агенттік Қайрат Сатыбалды шетелге шығарған 120 млн доллар қаражатты елге қайтарғанын хабарлаған болатын.
Ол Сатыбалдыұлынан тәркіленген барлық мүлік мемлекетке қайтарылатынын түсіндірді.
«Бүгінгі таңда жалпы сома 850 млрд теңгеден асып, мемлекетке қайтарылды», – деп түйіндеді Тілеукенов.