Сәкен Бибосынов пәтерін не себепті 10 жылдан кейін ғана ала алады – Спорт министрлігі түсіндіріп берді

Qaz365.kz редакциясы

Боксшыға пәтер 2021 жылы берілген

Фото: ашық дереккөзден

Спорт және дене шынықтыру комитеті төрағасының орынбасары Айгүл Бектенова Токио Олимпиадасының қола жүлдегері, боксшы Сәкен Бибосыновтың өзіне сыйға тартылған пәтерді неліктен 10 жылдан кейін ғана өз атына рәсімдей алатынын түсіндірді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Оның айтуынша, Олимпиада жүлдегерлеріне пәтер беру туралы заң 2014 жылы қабылданған. Ал 2019 жылы пәтерді өз атына 10 жыл мерзімге рәсімдеуді шектейтін норма енгізілді.

«Сәкен Бибосыновқа  пәтер 2021 жылы берілген. Сондықтан оны 10 жылдан кейін ғана ресімдей алады», – деді Айгүл Бектенова.

Ол спортшыларға пәтерді жалға беру нормасын түсіндіріп берді.

«Мысалы Олимпиада ойындарында пәтер алатын болса, ол пәтерді өз атына он жылдан кейін ғана заңдастыра алады дегенді де заңға кіргізгенбіз. Өйткені спортшы допингке тексерілген кезде «А» және «Б» сынамалары алынады. «А» сынамасы сол мезетте ашылып тексерілетін болса,  «Б» сынамасы он жыл сақталады. Мысалы, он жылдан кейін қайтадан тексеріс кезінде сол сынамадан допинг шығатын болса, үйін тартып алмас үшін сол үй өз атында емес, мемлекетте болады»,– деді ол.

Еске салайық, бұған дейін Сәкен Бибосыновқа сыйға тартылған пәтердің жалдамалы баспана болып шыққаны хабарланған болатын.