Майқайыңдағы апат: автобустың 66 метр тереңдікке құлаған сәті видеоға түсіп қалған

Qaz365.kz редакциясы

Желіде оқиғаның видеосы пайда болды

Фото: Павлодар облысының әкімдігі

Павлодар облысы "Майқайың алтын" АҚ аумағында, Майқайың кеніші шахтасының маңында төрт жолаушысы бар автобус тазарту кеңістігіне құлап кеткен еді. Оқиғаның видеосы пайда болды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Автобустың ішінде төрт адам болған: кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметтері республикалық орталық штабы Павлодар филиалының үш құтқарушысы және бір жүргізуші. Шахтадан 33 жұмысшы эвакуацияланды.

Еске салайық, бұған дейін ішінде құтқарушылар бар автобус жер астына түсіп кеткені, екі адам өлі табылғаны, бірақ қалған екі адам әлі табылмай жатқаны хабарланды.