Алматыда көлік ұрлаған ер адам Жамбыл облысында ұсталды

Qaz365.kz редакциясы

Ұрланған көлік заңды иесіне қайтарылды

Фото: ашық дереккөзден

Алматыда көлік ұрлаған күдікті республикалық маңызы бар Алматы – Ташкент тасжолының 160 шақырымындағы «Отар» бекетінің төңірегінде ұсталды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Mercedes-Benz Vito көлігінің ұрланғаны туралы Алматы полициясы хабарлаған. Көлікті заңсыз иемдену дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.

Қылмысқа қатысы бар күдікті Шу ауданының 29 жастағы тұрғыны болып шықты.

Ұрланған көлік заңды иесіне қайтарылып, жәбірленуші полиция қызметкерлеріне алғыс білдірді.