Алматыдағы жер сілкінісі: сирена неге қосылмады

Qaz365.kz редакциясы

Алматыда шамамен 843 электр сиренасы бар

Видеодан кадр

2024 жылдың 23 қаңтарына қараған түні магнитудасы 5 балдық жер сілкінісі болған Алматыда сирена неге қосылмағанын Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Нұрлан Атығаев түсіндірді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Оның айтуынша, Алматыда шамамен 843 электр сиренасы бар. Бұл қала аумағын 100% қамтуға мүмкіндік береді.

«Дыбыстық сиреналар жер сілкінісінің магнитудасы 5,5 балдан асқанда іске қосылады. Бұл жолы жер асты дүмпуінің қуаты 4 және 5 балл аралығында болды. Сондықтан дабылдарды іске қосудің мәні болмады. Олар керісінше дүрбелең туғызар еді», - деді ол.

Еске салайық, 2024 жылдың 23 қаңтарына қараған түні Алматыда жер сілкінісі болды. Алматы тұрғындары сезінген дүмпу бес баллға жетті. Шымкентте ауытқу екі балды құрады.

Кейін қазақстандық сейсмологтар Алматы маңында тағы бірнеше жер сілкінісін тіркеді.