Алматыда жер сілкінісінен 44 адам зардап шекті

Qaz365.kz редакциясы

Алматыдағы магнитудасы 5 балдық жер сілкінісі салдарынан

Фото: әлеуметтік желіден

Алматыда болған магнитудасы 5 балдық жер сілкінісінен 44 адам зардап шекті. Бұл туралы Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Нұрлан Атығаев айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, түнгі сағат 1-ден бері Алматыда түрлі дәрежедегі жеңіл және орташа дәрежедегі жарақат алған 44 адам медициналық көмекке жүгінген. Олардың ішінде бастың көгеруі, дененің тырысуы және аяқ-қолдардың созылуы секілді жарақаттар болған.

Түрлі белгілермен олар қалалық ауруханаларға жеткізілді. Оның 34-і ересектер. 3 адам ауруханаға жатқызылды, тағы 31 адам амбулаторлық емдеуге жіберілді.

Сондай-ақ 10 балаға медициналық көмек көрсетілді, оның 5-еуі ауруханаға жатқызылса, тағы 5 бала амбулаторлық емделуге жіберілді.

Еске салайық, Алматыда 23 қаңтар түнгі cағат 00:09 шамасында магнитудасы 5 балдық жер сілкінісі болды.