«Нәтижесі болмады»: Алматыда жер сілкінісін ерте хабарлаудың жүйесін құруға 1,1 млрд теңге жұмсаған

Qaz365.kz редакциясы

Неге бұлай болды? Төтенше жағдайлар департаменті жауап берді

Фото: ашық дереккөзден

Алматы күшті жер сілкінісін ерте хабарлаудың автоматтандырылған жүйесін құруға 1,1 миллиард теңге жұмсаған. Бірақ жер сілкінген түні одан пайда болған жоқ, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті 2022 жылы 1,1 миллиард теңгеге келісімшартын жасаған. Бірақ ақша 2023 жылдың соңында бірақ түскен.

Жүйе автоматты режимде жойқын сейсмикалық толқынның қалаға жақындағаны туралы сигнал алуға және халықты, оның ішінде мобильді қосымшаның көмегімен алдын ала хабарлауға арналған деп жазылған.

«2023 жылдың соңында Алматы ТЖД тапсырысы бойынша Автоматтандырылған жүйесінің 28 сейсмостанциясының құрылысы сәтті аяқталған болатын. Жобаны іске асыру кезең-кезеңімен жүзеге асырылды. (2022 жыл 11 сейсмостанция құрылысы, 2023 жыл - 17 сейсмостанция құрылды).Қазіргі уақытта тәжірибелік пайдалануға қабылданды және шетелдік тәжірибе бойынша қазіргі уақытта жүйелер апробация (тестілеу) кезеңінен өтуде», - делінген Төтенше жағдайлар департаментінің жауабында.

Айта кетейік, Төтенше жағдайлар департаментінің жер сілкінісіне байланысты брифингінде ТЖД басшысы Нұрлан Атығаев Алматыда қабырғаларында жарықтар пайда болған үйлерге тексеріс жүргізілетінін айтты.