Шымкентте 11-сынып оқушысы өз-өзіне қол жұмсап, көз жұмды

Qaz365.kz редакциясы

Қазір сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр

Фото: ашық дереккөзден

Шымкентте 11-сынып оқушысы суицид жасады. Қыз бала өз үйінде асылып қалған күйінде табылды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Otyrar.kz жазуынша, қайғылы оқиға 22 қаңтарда «Оңтүстік» ықшамауданында болған.

Шымкент қаласы Білім басқармасының баспасөз қызметі ұсынған мәліметке сүйенсек, марқұмның сыныптастарымен қарым-қатынасы жақсы болған.

Сабақ үлгерімі де қанағаттанарлық.

«2024 жылдың 22 қаңтарында сағат 18:30-да 11-сынып оқушысының үйінде өз-өзіне қол жұмсағаны (асылып өлгені) туралы хабарлама келіп түсті. Марқұм мектеп оқушысы сыныптастарымен жақсы қарым-қатынаста болған. Қайғылы жағдайға байланысты құзырлы органдардың өкілдері тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр», – делінген Шымкент қалалық білім басқармасының хабарламасында.

Аталған дерек Еңбекші аудандық ішкі істер бөліміне ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы «Өзін-өзі өлтіруге итермелеу» бойынша тіркелді.

Қазір сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Сот-медициналық сараптама тағайындалған.