Тоқаев жұмыс сапарымен Алматыға барды

Qaz365.kz редакциясы

Президенттің жұмыс сапары

Фото: akorda.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Алматы қаласына келді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Президент ертең бірқатар инфрақұрылымдық және әлеуметтік нысандарды аралап, әкімдіктің мегаполистегі жол-көлік жүйесін дамыту жоспарымен танысады», – деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Сондай-ақ сейсмикалық қауіпсіздік мәселелері жөнінде кеңес өткізу жоспарланып отыр.