Белгілі айтыскер ақын дүниеден өтті

Qaz365.kz редакциясы

Танымал айтыскер ақын қайтыс болды

Фото: instagram

Белгілі ақын Сәттібай Жүнісов қайтыс болды. Суық хабарды Теміртау қаласының әкімдігі жеткізді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Арқаның ардақты азаматы, ақын Сәттібай Жүнісовтың қайтыс болуына байланысты, жақындары мен туғандарына қайғыларына ортақ екенімізді білдіріп, көңіл айтамыз. Теміртау қаласында өтетін айтыстың шегерілгенін ескертеміз. Қосымша хабарлаймыз», – делінген хабарламада.

Сәттібай Темірғалиұлы Жүнісов 1981 жылы Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы Ескене ауылында дүниеге келген.

1998 жылы Атасу орта мектебін тамамдап, сол жылы Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің филология факультетіне оқуға қабылданып, 2002 жылы бітірген.

Студенттік мүшайралардың жеңімпазы. 

Махамбеттің 200 жылдық мерейтойына орай өткізілген облыстық ақындар мүшайрасының жүлдегері. 

Қ.Аманжоловтың 90 жылдық мерейтойына орай өткізілген облыстық ақындар мүшайрасының жүлдегері. 

Бірқатар облыстық, республикалық жыр додаларының жеңімпазы болған.