Қарағандыда “жедел жәрдем” жүргізушісін ұрған ер адам анықталды

Qaz365.kz редакциясы

Бұл дауға ер адамның аула жолымен өте алмағаны себеп болған

Ашық дереккөздерден

Қарағандыда көпқабатты үйлердің бірінің ауласында шақыруға келген “жедел жәрдем” көлігінің жүргізушісіне белгісіз бір ер адам жұдырық жұмсаған, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Видео мына жерде

Полиция қызметкерлері бұзақының есімін анықтады. Оны ұстау бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Тәртіп сақшылары жедел жәрдем жүргізушісіне дене жарақаттарын келтірген қарағандылық азаматты анықтады.

Белгілі болғандай, ер-азамат шақыруға келген дәрігерлер бригадасының жүргізушісімен сөзге келіп қалған. Содан соң  ашуланып, жұдырық ала жүгірген. 

Бұл дауға ер адамның аула жолымен өте алмағаны себеп болған.

«Қазіргі уақытта жүргізушіге қол көтерген ер-азаматты ұстау бойынша кешенді іс-шаралар жүргізілуде. Бұзақылық әрекетпен адам денесіне қасақана дене жарақатын келтіру бабымен қылмыстық іс қозғалды», – деп мәлім етті Қарағанды облысының ПД баспасөз қызметі.