"Алаяқтықтың 80 пайызын жасайтындар намазхандар" деген депутат хиджаб киюге тыйым салуды ұсынды

Qaz365.kz редакциясы

Қазір соны арнайы насихат ретінде пайдаланады

коллаж Qaz365.kz

Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов  Ne boldy Youtube арнасына берген сұхбатында хиджаб киюге де тыйым салуды ұсынды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Кәмелеттік жасқа толмаған балаларды мешітке тек ата-аналарымен кіргізу керек. Хиджаб киюге де тыйым салынуы керек. Біздің тәлімгерлік туралы заңның ішіне енген. Сол заңда мектептегі бірыңғай форма қатаң сақталуы қажеттігі жазылған. Бұның бәрі сол радикалды топтар, сол элементтер арқылы біздің қоғамға іріткі салмаса болмайтын әрекет еді. Мен де басында қарсы емес едім. Кім немен барады, нелерің бар дейтінмін. Бірақ қазір соны арнайы пропаганда (насихат) ретінде пайдаланады, өздерін даралау мақсатында пайдаланады. Бұған тоқтау қою керек», – деді Ринат Зайытов.

Айта кетейік, былтыр депутат «алаяқтық жасап жүргендердің 80 пайызы намаз оқитындар» деп, қоғамды бір шулатқан болатын.