«10 бер»: Атырауда балабақша тәрбиешіcі баланың басынан ұрған

Qaz365.kz редакциясы

 Құзырлы органдар тергеп-тексеру амалдарын жүргізіп жатыр

Видеодан кадр

Әлеуметтік желіде тәрбиеші ерекше баланың басынан ұрған сәттің видеосы пайда болды. Бейнежазбаны Нұрлан Жунасов есімді Facebook қолданушысы өз парақшасына жариялаған, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Видеода тәрбиеші бүлдіршінге екі алақанын көрсетіп, «10 бер» дейді. Алайда бала тек бір алақанын көтерген сәтте тәрбиеші «Қарасайшы, қарағым-ау!» деп оның басынан шапалақпен тартып жібереді.

Қалалық білім бөліміндегілер бұл оқиғаның «Дара-инклю» жекеменшік балабақшасында болғанын растады. Қазір аталған оқиға бойынша құзырлы органдар тергеп-тексеру амалдарын жүргізіп жатыр.

“Қалалық білім бөлімінің жанынан да қызметтік тексеріс ашылатын болады. Анықтау жұмыстары жүріп жатыр. Оқиға бөлім басшысының қатаң бақылауында. Тексеру қорытындысымен оқиғаға қатысты заң шеңберінде тәртіптік шара қарастырылады”, – делінген хабарламада.