Алматыдағы лай көшкіні: құтқарушылар бір ер адамның денесін тапты

Qaz365.kz редакциясы

Қазір жеке тұрғын үйді лайдан тазарту және адамдарды іздеу жұмыстары жүргізілуде

Фото: Алматы ТЖД

Алматыда лай басып қалған жерден бір адамның денесі табылды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, сағат 10:36-дағы ақпарат бойынша, лай көшкіні жүрген жерде жедел штаб құрылды.

Қазір жеке тұрғын үйді лайдан тазарту және адамдарды іздеу жұмыстары жүргізілуде. Оған 182 маман мен 32 техника жұмылдырылды. Жедел жәрдем бригадалары жұмыс істеп жатыр. Туыстары мен көршілеріне жедел психологиялық көмек көрсетілді.

"Алматы қаласы ТЖД және Республикалық жедел-құтқару жасағының күштерімен алдын ала ақпарат бойынша топырақтың батпақтануына байланысты техногендік сипаттағы жылжыманың түсуі салдарынан ғимараттың зақымдануы себебінен қаза тапқан алдын ала болжам бойынша 2007 жылғы жас жігіттің денесі табылған", – деп хабарлады департаменттен.

Іздеу-құтқару жұмыстары жалғасуда.