Рудный мектептеріне шабуыл жасалатыны жайлы жалған ақпарат таратқандар іздестіріліп жатыр

Qaz365.kz редакциясы

Дерек полицияда тіркелді

Фото: pixabay

Рудный мектептеріне шабуыл жасалатыны туралы жалған ақпарат таратқандар іздестіріліп жатыр. Бұл туралы Рудный қалалық полиция департаментінен мәлім етті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Әлеуметтік желілерде мектептердің бірінде белгісіз адамдар қылмыс дайындап жатқандығы туралы жалған ақпарат таратылды. Бұл дерек полицияда тіркелген. Жарияланымның авторын анықтау бойынша тиісті іс-шаралар жүргізілуде», - делінген ПД хабарламасында.

Сондай-ақ полиция азаматтардан арандатушылыққа берілмеуін, хабарламаның қайта бағытталуына жол бермеуін және тек ресми ақпаратқа сенуге шақырды.

Айта кетейік, жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.