Мәскеудегі теракт: "Крокуста" 5 мыңнан астам адам болған

Qaz365.kz редакциясы

Соңғы мәліметтер бойынша, шабуылдан 137 адам қаза тапты

Ашық дереккөздерден

Мәскеуде жұма күні кешке «Крокус Сити Холл» ғимаратында болған теракт кезінде нысанда 5 мыңнан астам адам эвакуацияланды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі BBC-ге сілтеме жасап.

«Ғимараттан 5 мың адам эвакуацияланды, өрт сөндірушілер сөндіру кезінде тағы 100 адамды жертөледен және шатырдан құтқарды», — делінген ақпаратта.

Соңғы мәліметтер бойынша, шабуылдан 137 адам қаза тапты, оның ішінде атыстан кейін болған қатты өрттің түтінінен уланғандар да бар.

Айта кетейік, Мәскеудегі «Крокус Сити Холлда» болған қанды шабуылға байланысты төрт күдікті екі айға қамауға алынды, оларға ұйымдасқан топтың құрамында шабуыл жасады деген айып тағылды.