Қуандық Бишімбаевтың адвокаттары Салтанат Нүкенованың ағасын сұрақтың астына алды

Qaz365.kz редакциясы

Экс-министрдің адвокаттары марқұмның ағасына өз сұрақтарын қойды

Фото: ашық дереккөзден

Марқұм Салтанат Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелді сотта бүгін қарындасын Қуандық Бишімбаев қалай азаптағанын айтқан болатын. Осыдан кейін экс-министрдің адвокаттары марқұмның ағасына өз сұрақтарын қойды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Атап айтқанда, Бишімбаевтың адвокаттары Назкен Құсайынова мен Ләйлә Рамазанованың сұрақтары мынандай:

«Сіз қарындасыңызды ажырасуға  итермелегеніңізді қайта-қайта айттыңыз. Неліктен отбасын сақтап қалуға үгіттемедіңіз? Үнемі Қуандыққа қарсы агрессиялық көңіл күйде болдыңыз ба?»

«Сіз неге тергеуге Салтанатпен бақытты отбасылық өмірі туралы хат алмасуын да көрсетпедіңіз?»

«Салтанат бұрын психологтың көмегіне жүгінген бе?»

«Салтанат бала кезінде жарақат алған ба?»

«Салтанатқа ұрыстыңыз ба?»

«Салтанат шетелде оқығаны рас па?»

«Қарындасыңызбен ұрыстан кейін қалай татуластыңыз?»

«Салтанат бала кезінде кішігірім жол апатына кен бас миының жарақатын алмады. Тек терісін сырып кетті. Емханаға қаралды», - деді Айтбек Амангелді

Айта кетейік, Бишімбаевқа Қылмыстық кодекстің 110-бабының 2-бөлігінің 1-тармағы (Азаптау), 99-бабының 5-тармағының 2-бөлігі (Аса қатыгездікпен жасалған кісі өлтіру), 14-бабының 2-бөлігі (Аса ауыр қылмыстың қайталануы) бойынша айып тағылып жатыр.