Су тасқынының астында қалған Құлсарыда егіз ұл дүниеге келді

Qaz365.kz редакциясы

Нәрестелер қауіпсіздік мақсатында жедел жәрдем көлігімен Бейнеу аудандық ауруханасына жеткізілген

Фото: Атырау әкімдігі

Су тасқынының астында қалған Құлсары қаласында егіз дүниеге келді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Атырау облысы әкімдігінің мәліметінше, нәрестелердің анасы Құлсары қаласындағы Жылыой аудандық орталық аурухансында босанған.

Алайда нәрестелер қауіпсіздік мақсатында жедел жәрдем көлігімен Бейнеу аудандық ауруханасына жеткізілген.

«Қазір нәрестелердің жағдайы бірқалыпты. Егіз ұл — жас отбасының төртінші және бесінші баласы. Сәбилердің бойы — 52 см. Екеуінің салмағы бірдей емес. Біреуінің салмағы — 3500, екіншісінің салмағы — 3350 грамм» деп мәлім етті облыстық әкімдіктен.