«Мальдивте жүргенде жіберген»: Алқа билерге Салтанаттың соққыға жығылған жаңа суреті көрсетілді

Qaz365.kz редакциясы

Адвокаттар суреттегі дене жарақаттарына мән беруді сұрады

Фото: әлеуметтік желіден

Астанада экс-минитср Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот процесі жалғасуда. Бүгінгі сотта жәбірленуші тарап марқұм Салтанат Нүкенованың бет-жүзі жараланған фотосуретті алқа билерге көрсетті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Адвокаттар Салтанаттың ағасымен 2023 жылдың 20-24 наурыз аралығында сөйлескен әңгімесін іс материалдарына қосуды сұрады. Салтанат ағасы Айтбекке Мальдив аралдарына барған кездегі суреттерін жіберген. Бұл суреттермен алқабилер де танысты. Адвокаттар суреттегі дене жарақаттарына мән беруді сұрады. 

«Оқиға 2023 жылы ақпанда Мальдив аралдарында болған. Салтанат Нүкенованың суреттерін біз басып шығардық, көптеген дене жарақатын байқауға болады. Бетінде, иығында, білегінде және сол жақ иығында үлкен жарақат бар», - дейді адвокат.