Сотта адвокаттар Салтанат Нүкенованың жан тапсырған күні үстіндегі киімін көрсетті

Qaz365.kz редакциясы

Бишімбаев шалбар маркасын атауды өтінді

Фото: jogargy_sot

Заттай дәлелдер ретінде Салтанат Нүкенованың киім-кешегі көрсетілді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Пакеттен қара шалбар шығарылды. Қара бәтеңке, опа-далап шығарылды.

«Шалбар өте жұқа. Қара сөмке. Ішкиімі жыртылған. Бетке жағатын опа-далап. Қара памада. Кистьтер. Ресейлік бренд. Қарандашы да. Ерінге арналған тағы оп далап», - деді оларды көрсеткен адвокат Жанна Оразбақова.

Бишімбаевтың адвокаты Ерлан Ғазымжанов сот залында «Салтанаттың аяқ киімін сол күні киген шалбарының ішінен шешуді» сұраған. Адвокаттың мұны қалай жасамақ болғаны түсініксіз болды.

«Заттай дәлелдемелерді, атап айтқанда, іс материалдарына тіркелген аяқ киімді қарастыру қажет деп санаймын», - деді Ғазымжанов.

Бишімбаев шалбар маркасын атауды өтінді.

«Қорғау жағы бұл шалбарды кімнен шешетіні толық түсініксіз. Салтанат Нүкенова тірі емес, оның дене бітімін біз мұнда елестете алмаймыз», - деді жәбірленуші тараптың өкілі Жанна Оразбақова.

Судья Айжан Құлбаева Ғазымжановтың өтінішін қанағаттандырудан бас тартты.

Бұған дейін мөрленген пакетте қайтыс болған Салтанаттың киімі ағасына тапсырды. Жәбірленушілердің адвокаты Игорь Вранчев Салтанат Нүкенованың шалбары мен аяқ киімін сотта қарауға өтініш білдірген.