Ресей мамандары Салтанат «бұрын алған ескі жарақатынан көз жұмды» деген қорытынды шығарды

Qaz365.kz редакциясы

Ресейлік сот сарапшыларының қорытындысын жарияланды

Фото: әлеуметтік желіден

Көрші елдің мамандарының сараптама қорытындысын бүгінгі сотта экс-министр Қуандық Бишімбаевтың адвокаты Назкен Құсайынов айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бишімбаевтың адвокаттары сотта Мәскеу қаласындағы Н.И. Пирогов атындағы Ресей ұлттық зерттеу медициналық университетінің ресейлік сот сарапшыларының қорытындысын жариялады.

Ресейлік сарапшылар қазақстандық мамандардың Нүкенова бас миының ауыр жарақаты салдарынан қайтыс болды деген тұжырымдарын жоққа шығарады.

Олар Салтанаттың өлімінің себебі – ажалынан 3-4 апта бұрын алынған ескі жарақатқа байланысты бастың қан кетуінен болуы мүмкін деп санайды.

Сот өтініш беру туралы шешім қабылдау үшін ертеңге дейін үзіліс жариялады.

Айыптаушылар мен жәбірленушілер ресейлік мамандардың осы қорытындысын іске дәлел ретінде қосуға үзілді-кесілді қарсы шығып отыр.