Бишімбаев соты: Байжановтан бір айып алынып тасталды

Qaz365.kz редакциясы

Сотта жарыссөз басталды

Фото: Jogargy_sot

Әйелін аяусыз ұрып өлтірді деп айыпталған экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша сотта жарыссөз басталды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Сот отырысында жарыссөз басталды. Қазір прокурор Айжан Аймағанова сөз сөйлеп, дәлелдер негізінде Салтанаттың қалай қысымға түскенін айтып жатыр.

«Салтанат – Күн сәулесі секілді жарқын қыз еді. Бишімбаев оны экономикалық, психологиялық тұрғыдан өзіне тәуелді етті. Тіпті өлгеннен кейін өзін ақтау үшін марқұмды қаралап, бар кінәні оған жауып жатыр», – деді Аймағанова.

Судья Айжан Құлбаева Байжановқа қатысты Қылмыстық кодекстің 434-бабы «Қылмыс туралы хабарламау» деген айыпты алып тастады.