Қуандықтың басқа амалы қалмады – Бишімбаевтың адвокаты

Qaz365.kz редакциясы

Рамазанова сотта Қуандық Бишімбаевтың құқығы шектелгенін айтты

Фото: Jogargy_sot

Сотталушы экс-министр Қуандық Бишімбаевтың адвокаты Лейла Рамазанова жарыссөз кезінде Қуандық Бишімбаев Салтанат Нүкенованы сотта "жамандағысы келмеді, шындықты айтты" деп пікір білдірді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

“Сот залында Бишімбаев Салтанатты жамандағаны айтылып жатыр. Бірақ Қуандықтың басқа амалы қалмады. Ол немесе қылмыстық кодекстің көзделген ең ауыр қылмыстардың бірін мойындайды немесе сотта шындықты, соның ішінде Салтанат туралы да шындықты айтады”, - дейді Рамазанова.

Рамазанова сотта Қуандық Бишімбаевтың құқығы шектеліп, екінші сот сараптамасын есепке алмағанын атап өтті.

“Салтанат отбасылық өмірді алдаудан бастауға шешім қабылдады, 2023 жылдың 9 қарашасында бұл жағдай созыла келе нағыз трагедияға айналды”, - деді Лейла Рамазанова.

Сондай-ақ, оның нұсқасы бойынша, Салтанаттың қателігі оның "өзін күштірек сезінуінде" болды. Бірақ ол әлсіз болып шыққан-мыс. Ал Бишімбаев, Лейла Рамазанованың айтуынша, "адамгершілік" танытып, Салтанатты "құтқаруға" тырысқан. Қандай қиындық екенін адвокат айтпайды.