Адамгершілік танытыңыздаршы – Бишімбаев жарыссөздегі сөзін аяқтады

Qaz365.kz редакциясы

Ол сөз соңында алқа билерге жүгінді

Фото: Jogargy_sot

Экс-министр Қуандық Бишімбаев жарыссөзде сөзін аяқтады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Мен өз әйелімді өлтіргім келді ме? Жоқ. Мен бақылауды жоғалтып алдым. Сол видеолардың өзі жәбірленуші тарап аяғыммен басынан тепкенімді айтады. Ол соққы иықтан тиген. Менің аяқ киімімде ешқандай қанның ізі жоқ. Анықталмады. Мұрнынан аққан қан басынан тепсемаяқкиімімде қалар еді», - дейді ол.

Ұялы телефонындағы видеолары үшін сотталушы ұялатынын айтты. Сөз соңында алқа билерге жүгінді. 

«БАҚ-та, әлеуметтік желіде жарияланған ақпараттың көбі жалған. Мен жасаған әрекеттерім үшін расында да жазаға лайықтымын. Сол себепті шешім қабылдау кезінде, дауыс беру кезінде адам бойындағы ең ізгі адамгершілік қасиетін, әділеттілікті танытыңыздаршы», - дейді ол.