«Жазаға тартылуға дайынмын»: Байжанов соттағы соңғы сөзін айтты

Qaz365.kz редакциясы

Ол Алқабилерден шешім қабылдамас бұрын ойлануларын сұрады

Фото: jogargy_sot

Астана сотында бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев пен оның туысы Бақытжан Байжановқа қатысты сот процесі жалғасып жатыр. Бүгін екеуі соңғы сөзін айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Құрметті сот! Құрметті алқабилер алқасы! Жаңа айыптау актісінде менің айғақтарды жойып, қылмысты жасырып қалды деп жазылған. Мен әу бастан істің қалай болғанын айтып бердім. Ең маңызды сұрақ, мен Салтанаттың қасақана өлтірілгенін білдім ме? Мен ант етейін, бұл әрекеттің болғанынан хабарсыз едім. Білсем сол күнгі әрекеттің ешқайсысын істемес едім», - дейді Бақытжан Байжанов.

Ол Алқабилерден шешім қабылдамас бұрын ойлануларын сұрады. Өйткені ол ауыр қылмысты саналы түрде жасыруға шешім қабылдасам, мен өзімді қорғамас едім, өз-өзімді кешірмес едім деп отыр.

«Үкім шығармас бұрын «мен мұның бәрін алдын ала білдім бе?» деген сұраққа жауап іздеп көруді өтінемін. Өйткені тергеушілер де, прокурорлар да бұл сұраққа жауап бермеді. Үміт алқа билер тек сіздерде! Салтанаттың туған-туыстарынан тағы да кешірім сұраймын. Жатқан жері жайлы болсын», - дейді Бишімбаевтың інісі.

Іске төрағалық етіп жатқан судья Айжан Құлбаева 10 мамырға дейін үзіліс жариялады.