«Тапсырыс берушілерді анықтау керек» - Министр БАҚ өкілдеріне жасалған шабуылдар жайлы айтты

Дина Әділ

Дархан Қыдырәлі журналист Динара Егеубаеваға жасалған шабуыл туралы да кім атап өтті

Фото: akorda.kz

Үкімет кулуарында Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі журналистерге жасалған шабуылдар жайында пікір білдірді, деп хабарлайды qaz365.kz.

Ақтөбедегі оқиғадан бастап журналистердің құқығын қорғауға, оларға әрдайым қолдау көрсетуге дайын екенімізді айттық. Ол туралы әлеуметтік желіде де, жеке өз аккаунттарымда да баяндадым. Сонымен бірге ол журналистермен кездестім, сөйлестім. Мысалы, Самал Ибраевамен әңгімелестік. Сол сияқты Гүлжан Ерғалиевамен кездесіп, басқаларға да қолдау көрсетуге әзір екенімізді жеткіздік. Мемлекет басшысы арнайы тапсырма берді. Сол бойынша кейбір күдіктілер ұсталып жатыр. Сондықтан өз бақылауымызда ұстап отырмыз. Әр уақытта журналистердің жағында және оларды қолдауға әзір екенімді тағы да айтқым келеді, - деп жауап берді министр журналистердің сұрағына.  

Дархан Қыдырәлі журналист Динара Егеубаеваға жасалған шабуыл туралы да кім атап өтті. 

Қазіргі таңда тергеу жүріп жатыр. Жақында қорытындысы айтылады деп ойлаймын. Жалпы 5 адамды тапты. Бірақ оларға тапсырыс беруші кім? Бұл жөнінде Мемлекет басшысы да анықтап айтты. Тек қана орындаушылар емес, бұларға тапсырыс берушілерді де анықтау керек. Мұнымен құқық қорғау органдары айналысады. Сондықтан жақында жауабын білесіздер деп ойлаймын, - деді Ақпарат министрі.