Павлодарда адамдарды 52 млн теңгеге алдаған алаяқ ұсталды

Qaz365.kz редакциясы

Жедел уәкілдер Павлодар қаласының 40 жастағы тұрғынын ұстады

Фото: Polisia.kz

Алаяқ екі павлодарлықты 52 млн теңгеге алдап кеткен, деп хабарлайды qaz365.kz тілшісі полицияға сілтеме жасап.

Ол Успен ауданының тұрғынына күнбағыс тұқымын жеткізіп беремін деп оның 28 млн теңгесін алдап алған.

Ал кейіннен іскер павлодарлық Ресей Федерациясының Барнаул қаласында үкіметтік емес ұйымдардың бірінің бидайын иемденіп алған.

Жалпы шығын 24 млн теңгеден асты.

Жедел уәкілдер Павлодар қаласының 40 жастағы тұрғынын ұстады.

Облыста осыған ұқсас жеті эпизод тіркелді.

Күдіктіге қатысты ҚР ҚК 190-бабы бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Ер адам изоляторға қамалды.