«Болашақ» түлектерінің еңбекпен өтеу мерзімі бір жылға қысқарды

Qaz365.kz редакциясы

Бұл туралы Халықаралық бағдарламалар орталығы жазды

фото: egov.kz

«Болашақ» түлектерінің еңбекпен өтеу мерзімі бір жылға қысқарды, деп хабарлайды  qaz365.kz тілшісі. Бұл туралы Халықаралық бағдарламалар орталығы жазды.

 “Биыл «Болашақ» стипендиясы аясында үміткерлерді іріктеу қағидалары жетілдірілді. Енді конкурсқа шетелдік жоғары оқу орны немесе ұйым тарапынан академиялық оқуға гранты бар үміткерлер де қатыса алады. Мұндай түлектер үшін Астана, Алматы және Шымкент қалаларында еңбекпен өтеу мерзімі бес жылдан төрт жылға, өңірлерде – үш жылдан екі жылға қысқартылады”, - деді «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Басқарма төрағасы Әнуар Жанғозин.