Түркістан облысының бірнеше ауданын су басты

Qaz365.kz редакциясы

Бірнеше аудандағы мектептерде сабақтар тоқтатылды

Sputnik / Елена Бережная

Түркістан облысында Кентау, Түркістан қалалары мен Бәйдібек, Ордабасы және Сауран аудандарын су басып жатыр, деп хабарлады Qaz365.kz төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

Ресми мәлімет бойынша, 2 ақпан сағат 08:00-ден бастап таулы аудандарда қардың еруі және жауын-шашынның көп түсуіне байланысты су деңгейі көтерілген. Соның салдарынан Кентау мен Түркістан қалаларында, Бәйдібек, Ордабасы, Сауран аудандарында аулалар мен көшелерді су басқан. 

Бірнеше аудандағы мектептерде сабақтар тоқтатылды. 

ТЖД қызметкерлері жаңбыр суын сору жұмысын жүргізіп жатыр. Оған 50-ден астам құтқарушы, 10 техника және 20 мотопомпа жұмылдырылған.