Алматыда екі автобус соқтығысып, алты адам жарақат алды

Qaz365.kz редакциясы

Әл-Фараби даңғылында, Жароков көшесінің батысына қарай көлік апаты болды

polisia.kz

Алматыда 2 ақпан күні сағат 08:30-да әл-Фараби даңғылында, Жароков көшесінің батысына қарай көлік апаты болды. Екі қоғамдық көлік соқтығысты, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жергілікті полиция қызметі кезекші бөлімінің мәліметінше, 31-бағыттағы Yutong қоғамдық көлігінің жүргізушісі даңғылмен батыс бағытта келе жатып, алдын ала болжам бойынша, арақашықтықты сақтамау салдарынан аялдамада тұрған 116-бағыттағы SAZ қоғамдық көлігімен соқтығысқан.

Алдын ала деректерге қарағанда, алты адам дене жарақатын алды.

Жол апатының дерегін Бостандық аудандық полиция басқармасының қызметкерлері өндіріске қабылдады.