Ақтөбе облысындағы Алға қаласында электр станциясы өртенді

Qaz365.kz редакциясы

Алды ала деректер бойынша  өрт алаңы 50 шаршы метр

Фото: ТЖМ

Ақтөбе облысы Алға қаласында электр станциясы өртенді, деп хабарлайды qaz365.kz ҚР ТЖМ сілтеме жасап.

2023 жылғы 8 ақпанда сағат 09: 39-да Алға ауданының №6 өрт сөндіру бөлімінің "101" пультіне Айымбетов көшесіндегі Алға электр станциясының ашық жалынмен жануы туралы ақпарат келіп түсті. Шақыру орнына  18 құтқарушы және 4 бірлік техника жіберілді. Зардап шеккендер жоқ. Оқиға орнына құтқарушылар келгеннен кейін ғимараттың кіреберіс қақпасының есігін бұзып ашу жүзеге асырылды.Өртті сөндіру барлық қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып, көбікпен жүзеге асырылды.

Өртті сөндіру барысында құтқарушылар өрттің көршілес қосалқы станция секцияларына таралу қаупі жойылды. 

Алды ала деректер бойынша  өрт алаңы 50 шаршы метр.