Сәбина Мамадиярова дәрігерлердің бақылауында біраз уақыт болады - СІМ

Qaz365.kz редакциясы

Оның зақымдалған қолына ота жасалды

Ашық дереккөздерден

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Түркиядағы жер сілкінісі кезінде жоғалып, кейін үйінді астынан аман-есен табылған Сәбина Мамадиярованың қазіргі жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

"Біздің консул Сәбина Мамадияроваға барды, оның денсаулығы жақсы. Оның зақымдалған қолына ота жасалды. Дәрігерлердің айтуынша, ол әлі де олардың бақылауында біраз уақыт болуы керек", - деді Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров.

Еске салайық, бүгін Алматыда Мирболат Құрмашевті ақтық сапарға шығарып салды