Барлығы 2 млн 850 мың доллар: қазақстандықтар соңғы үш күнде Түркияға 1 млн 28 мың доллар ақша аударған

Qaz365.kz редакциясы

Қазақстан бойынша барлығы 150 тонна гуманитарлық көмек жиналып, Түркияға жөнелтілді

фото: ашық дереккөзден

Қазақстандықтар соңғы үш күнде Түркиядағы жер сілкінісіне байланысты гуманитарлық көмек ретінде 1 млн 28 мың долларын ақша аударған, деп хабарлайды qaz365.kz. Бұл туралы @tcastanabe твиттер парақшасында жазды. 

“Соңғы үш күнде Түркиядағы жер сілкінісі кезінде Қазақстан AFAD ресми шотына  1 миллион 28 мың 706 АҚШ долларын аударды. Осылайша, қайырымдылықтың жалпы сомасы 2 миллион 849 мың 836 АҚШ долларын құрады. Рахмет!”, – делінген хабарламада. 

Сонымен қатар, “Отандастар” қорының президенті Абзал Сапарбекұлының айтуынша, 13 ақпандағы ақпаратқа сәйкес, Қазақстан бойынша барлығы 150 тонна гуманитарлық көмек жиналып, Түркияға жөнелтілген.