Каспий теңізінің жағалауынан 5 күн ішінде 289 өлі итбалық табылды

Nur-Altay Umirzak

Зерттеуші: Өлімнің себептерін тек биологтар аша алмайды

Сурет: wallpaperflare.com

Каспий теңізінің жағалауынан соңғы 5 күн ішінде 289 өлі итбалық табылды, деп хабарлайды  Qaz365.kz.

«Зорлық-зомбылықтың айқын белгілері - лассомен тұншығу, балықшылардың торының іздері бар итбалықтар болды. Бірақ арасында бұл белгілер жоқ итбалықтар да бар. Олар Солтүстік Каспийге келгенше сап-сау болды, өйткені оларда ұрық дами алған, бірақ кейін бірдеңе болып, өлген. Ең маңызды сұрақ – бұл не? Өлімнің себептерін тек биологтар аша алмайды – бұған эколог, химик, технологтар да қатысуы қажет», – дейді зерттеуші Әсел Баймұқанова.

Каспий теңізінің жағасына өлекселерді шығару әлі де жалғасуда. Бұған дейін біз Маңғыстау облысы Түпқараған ауданындағы Баутино елді мекенін 151 өлі итбалықтың табылғанын жазған болатынбыз.