×

Маңғыстау облысында теңіз жағасынан 151 өлі итбалық денесі табылды

Оқиға теңіздегі қатты дауылдан кейін болған

Маңғыстау облысында теңіз жағасынан 151 өлі итбалық денесі табылды
Сурет: instagram/azamat_sarsenbayev

Маңғыстау облысыТүпқараған ауданындағы Баутино елді мекенінде теңізде болған қатты дауылдан кейін жағаға жүздеген Қызыл кітапқа енген итбалықтардың өлекселері шығарылды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Қазіргі уақытта ғалымдар тек 151 бірлік итбалық қаңқасын санап анықтап отыр. Олардың айтуынша, өлген итбалықтар одан да көп болуы мүмкін. Бұл туралы блогер Азамат Сәрсенбаев Instagram-дағы парақшасында хабарлады.

"Ғалымдардың айтуы бойынша қазір осы аймақтағы итбалықтарды зерттеумен айналысатындар (олар жануарлардың өлекселерін тапты) өлген итбалықтардың көпшілігінің денелерінде механикалық зақым бар екенін анықтаған", – деді блогер.

Жануарлардың жаппай қырылуына не себеп болғаны әлі белгісіз. Ғалымдар тіршілік иелерінің нақты неден өлгенін зерттеп жатыр.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Алматыда мопед ұрлаған күдікті жол үстінде ұсталды
Бүгін, 15:24

Алматыда мопед ұрлаған күдікті жол үстінде ұсталды

Оның мопед ұрлығының кем дегенде төрт эпизодына қатысы болған
Ол Аягөз гарнизонына қарасты әскери бөлімде ант қабылдаған
Абырой болғанда, ол аман қалды. 
Ақмола облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мектеп түлегінің соққыға жығылғанын растады.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →