×

Атырау облысында төрт адам тірідей өртеніп кетті

Daewoo Nexia көлігінің жүргізушісі мен 3 жолаушысы оқиға орнында көз жұмды

Атырау облысында төрт адам тірідей өртеніп кетті
Фото: facebook.com/dvdatyrau

Бүгін, 26 қазанда, Атырау облысында жолда ескерту жасалған жүргізуші жол апатына түсіп, төрт адам қаза тапты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Атырау облыстық полиция департаментінің жанындағы патрульдік полиция ротасының қызметкерлері Атырау-Орал тасжолында таңғы 4:00 шамасында Ресей елінде тіркелген Daewoo Nexia автокөлігін тоқтатқан. Полиция қызметкерлері жол ережесінің талаптарын бұзғаны үшін жүргізушіге хаттама толтырған. Оған қоса полицейлер оған түнгі уақытта сақтық шараларына мұқият болу керектігін ескерткен.


Алайда ескертулерге қарамастан, таңғы сағат 06:00 шамасында Атырау-Орал тасжолында Daewoo Nexia автокөлігінің 38 жастағы жүргізушісі басқару жүйесін игере алмай, қарама-қарсы бағытта келе жатқан жүк көлігімен соқтығысқан. Жол апаты салдарынан Daewoo Nexia көлігінің жүргізушісі мен 3 жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. Көлік толықтай отқа оранды. Қазіргі уақытта атағалған дерек бойынша қылмыстық іс тіркеліп, кешенді тергеу амалдары жүргізілуде. "Құрметті жол қозғалысының қатысушылары! Жол қателіктерді кешірмейді! Өзіңіздің және өзгелердің денсаулығы мен өміріне қауіп төндірмей, алыс сапарларға түнгі мезгілде шықпауларыңызды және шаршаңқы күйде көлік басқармауларыңызды сұраймыз! Жол қозғалысы ережелерін сақтаңыздар, - дейді полициядан.

Қазіргі уақытта атағалған дерек бойынша қылмыстық іс тіркеліп, кешенді тергеу амалдары жүргізілуде.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Жәбірленушіні төмен түсіріп, медициналық көмек көрсетілді
Қаулы жобасы 13 желтоқсанға дейін қоғам талқысына шығарылды.
2024 жылдың басынан бастап Қазақстанда балалар қаза тапқан 15 өрт тіркелген

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →