Ұры елорда тұрғынының көлігінің айнасын сындырып, заттарды ұрлаған

Дина Әділ

Қаскүнем мойындау айғағын берді

Фото: Polisia.kz

Ұры елорда тұрғынының көлігінің әйнегін сындырып, заттарын ұрлап кеткен, – деп хабарлайды qaz365.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

“Сарыарқа ауданы ПБ-ның криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында автокөліктен ұрлық жасады деген күдікпен 24 жастағы Павлодар облысының тумасын анықтады. Тергеу барысында жас жігіттің таңғы сағат 08:30 шамасында Сейфуллин көшесінің бойымен келе жатып, үйдің ауласынан Nissan Qasqai автокөлігін байқап қалғаны анықталды. Ол көлікке жақындап, көліктің орындығында әйел адамның сөмкесінің жатқанын байқаған. Күдікті көлікте дабыл сигналының жоқтығына көз жеткізген соң, еш ойланбастан әйнекті сындырып, телефон мен құжаттары бар сөмкені ұрлап кеткен. Аталған факті негізінде ҚР ҚК-нің 188 бабы  (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Ұрының қашып бара жатқан сәті даладағы бейнекамераларға түсіп қалған”, – делінген хабарламада. 

Қаскүнем мойындау айғағын берді. Оның елорда аумағында осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр.