«Орта Азиядағы жалғыз компания»: Жаңбыршин Шымкенттегі «Су ресурстары маркетингі» компаниясын басқаларға үлгі етті

Qaz365.kz редакциясы

«Оның кейсін бүкіл Қазақстанға тарату керек»

Фото: ашық дереккөздерден

Мәжіліс депутаты су мәселесін Парламент отырысында қозғаған, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Депутат Еділ Жаңбыршиннің айтуынша, Шымкенттегі «Су ресурстары маркетингі» ЖШС тәжірибесін бүкіл елге тарату керек.

«Қазақта «судың да сұрауы бар» деген мағыналы сөз бар. Бұл сөзді ата-бабамыз бекер айтпаған. Бүгін де су құнды тауарға айналды. Біз су ресурстарының тапшылығы бойынша әлемде ең жоғары елдердің санатына жатсақ та, су ресурстарын үнемдеп пайдаланбай, жоғары деңгейде ысырып жасап отырмыз», - дейді депутат Еділ Жаңбыршин.

Мәжіліс депутаттының айтуынша, Қазақстанда егінді суарудың тиімсіз әдісі қолданылмайды. Суару құрылымдары тозып, дренаж жүйелері болмағанынан ауыл шаруашылығында судың шығыны 50 проценттен асып кеткен. Ал Қазақстанда табиғи судың қоры аз. Ал негізгі су айдындарына құятын өзендердің бастауы шекаралас мемлекеттердің аумағында орналасқан. Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, 2016 жылдан бері тұщы судың жаңартылатын су ресурстары екі есеге дейін азайып кеткен. Соған қарамастан еріген қардың суларымен жауын-шашынды ешкім пайдаға жаратпайды. Өндірісте пайдаланылған суды кері қайда пайдаға жарату жүйесі де жоқтың қасы.

«Еліміздің су экожүйесі қатты және сұйық шығарылымдармен ластануда. Суармалы жерлердің тұздануы да үлкен мәселеге айналған. Мемлекет басшысы 2022 жылы Үкіметке сарапшылармен бірлесіп, жаңа су кодексінің жобасын әзірлеуді тапсырамын, климаттың өзгеруімен шекаралас елдердің саясатын ескере отырып, су тапшылығын азайтуға көмектесуі тиіс деді. Шындығында 2003 жылы қабылданған Су кодексті қазіргі заманның талабына сәйкес келмейді. Үкімет жаңа кодекстің және қосымша заңдар жобасын Мәжіліске енгізді. Су ресурстары және ирригация министрлігі жаңа кодекс арқылы Қазақстанның су ресурсын іске асыруы қажет», - дейді ол.

Еділ Жаңбыршиннің айтуынша, Мәжіліске кірген су кодексінің жобасына заман талаптарына сай емес. Сол үшін кодекске 1000-ға жуық өзгеріс енгізген.

«Су ресурстарын үнемдеу мақсатында депутаттар сумен қамту жүйелерін цифрландыру және автоматтандыру мәселелерін заңнамалық деңгейде бекітуді ұсынды. Қазір елімізде және Орта Азияда тек жалғыз кәсіпорын – Шымкенттегі «Су ресурстары маркетингі» ЖШС талапқа сай жұмыс істеп тұр. Бұл кейсті Қазақстанға кеңінен тарату қажет», - дейді депутат.

Компания басшысының шағымы 

Еске сала кетейік, бұған дейін Алматыда «Су ресурсы маркетингі» ЖШС басшылары мен заңгерлері баспасөз мәслихатын өткізген болатын. Шағым иелері Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбековтің бастамасымен компанияға заңсыз талаптар қойылып, қысым көрсетіліп жатқанын мәлімдеген. 

Компания басшыларының айтуынша, Шымкенттегі ауызсу саласында көш бастап тұрған компания 25 жыл бойы үздіксіз жұмыс істеп, миллионға жуық тұрғынды сапалы ауызсумен қамтамасыз етіп келеді. Компанияда мыңға жуық қызметкер тұрақты түрде еңбек етеді. Оның басшысы Анарбек Орман соңғы бір жыл ішінде әкімдік тарапынан заңсыз тексерулер ұйымдастырылып, компанияны мемлекет меншігіне қайтару талабы қойылғанын айтады. Әкімдік бұл талапты «стратегиялық нысан» мәртебесімен өзін ақтайтын көрінеді. Алайда Орман бұл заңсыз әрекеттерді «саяси қысым» деп бағалап отыр.

Бухгалтерлік есепке сәйкес, кәсіпорын таза табыс көрсеткішін сақтай отырып, Еуропалық қайта құру және даму банкі (ЕБРР) арқылы 30 млрд теңге несие және жеке инвестициялар есебінен 15 млрд теңге тартып, бүгінгі күнге дейін 150-ден астам су ұңғымасы мен тарату нысандарын іске қосқан. Қазір компанияның банк алдындағы 12 млрд теңге қарызы өтелмеген.

Ғабит Сыздықбеков «Су ресурсы маркетингі» ЖШС басшылары мен заңгерлерінің шағымына мардымды жауап бермеген болатын.